Главная Новости Елбасы Жолдауы саламатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуге басымдық береді
28 май, 2018                  318658
Елбасы Жолдауы саламатты өмір салтын насихаттап, қоғамдық денсаулықты басқару ісін күшейтуге басымдық береді
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2018 ж. 25 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» атты Жолдауы. Әлеуметтік медициналық сақтандыру жуйесі» атты жиын өтті. Жиынға университет оқытушылары, қызметкерлері мен студенттері және сарапшылар қатысты.

Модератор, проректор Г. Сарсенбекова: Елбасы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың мүмкіндіктері» атты Жолдауында: Денсаулық сақтау саласы халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең-кезеңімен көшетін болады», деп атап өтті. Бүгінгі жиынның маңыздылығы жоғары. Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстардың басы-қасында жүрген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры», деп атай отырып, сөз кезегін Әлеуметтік медициналық сақтандандыру қорының бас сарапшысы Пернебаев Түймебай Шүкірбайұлына берді. Баяндамашы «Әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін әрі қарай тереңдете жаңғырту тұжырымдамасы нарықтық сипатқа көшуге бейімделген. Қызмет көрсету сапасы жақсы болған сайын, онымен айналысатын ұйымға да қаржы молырақ тиеді», - деп түсіндіре отырып, маңыздылығына кең тоқталды.

ҚазИТУ оқытушылары сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты.

Модератор Г. Сарсенбекова жиынды қорытындылай келе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына үлкен жауапкершілік артылып отырғанын атап өтті. Халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстың табысты болуына сенім білдірейік. Дені сау қоғам қашанда табысты мемлекеттің кепілі бола бермек, деп жиынды аяқтады.