Главная Новости Ертеңіме сенімімді арттырған оқу ордасы
06 август, 2018                  318682
Ертеңіме сенімімді арттырған оқу ордасы
Мен, Шарапат Балжан Шарапатқызы Қызылорда қаласы 187 мектептің түлегімін. Осы жылдың наурыз айында "Зерде КазИТУ" пәндік олимпиядасының болатыны жайлы естідім. Бірінші туры өзіміздің облыста өтті. Осы турда сәтті шыққанымды хабарлады. Екінші турға қатысу үшін Алматы қаласына алғаш рет жолым түсті. Жол бойы уайымдап, қобалжығанымды, КазИТУ мұғалімдерінің жылы шырайы мен ыстық ықыласпен қарсы алуы сейілтті.

Жан-жақтан үміт арқалап келген барлық оқушыларды АКТ залына жинап, түсіндірме жұмысын жасады. Бәріміз пән бойынша бөлініп, емтиханға кірдік. Қиындау болғанымен, өзіме деген сенімділік пен бойымдағы табандылығым маған 2 ші орынды сыйлады.

Келесі күні университетте ұлттық мейрам Наурыз тойы тойланып, бізді сол жерде марапаттады. КазИТУ-дың студенттері өз өнерлерін барынша көрсетіп, келген жұртты дән риза қылды.

Осы мүмкіндікті сыйлаған, әуелі Аллаға сансыз мадақ болсын. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қамқорын, біз жастар, үнемі сезініп келеміз! КазИТУ ұжымына үлкен алғысымды білдіремін!!!