Главная Новости Елбасы Жолдауына арналған жиын Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде өтті.
05 октябрь, 2018                  318775
Елбасы Жолдауына арналған жиын Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде өтті.
2018 жылдың 5 қазанында Елбасы Н. Назарбаев халыққа кезекті Жолдауын жариялады. Жолдауда еліміздің экономикалық-әлеуметтік ахуалын жақсартуға бағытталған жолдарды нақты көрсетті. Еліміздің өркендеп өсу жолындағы экономиканың бағыттарын дамыту, туризм саласына кең көңіл бөлу, білім, медицинаны дамыту жолдары, әрбір қазақстандықтың қолайлы өмір сүру жағдайын жан-жақты қарастыру, т.б. келелі мәселелерге кең тоқталып, нақты тапсырмалар берді.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті басшылығы мен оқытушы-профессорлары Республика сарайында ұйымдастырылған жиынға қатысты.

ҚазИТУ ұжымы Елбасы жолдауымен танысып, жан-жақты пікірлерін білдіріп, одан туындайтын мақсат-міндеттерді анықтап, іске асыру жоспарын талқылау мақсатында жиын өткізді. Жиынға университет басшылығы, ОПҚ, қызметкерлер, студенттер, магистранттар қатысты.

Жиынның кіріспе сөзінде проректор Г. Сарсенбекова Елбасы Жолдауының бүгініміз бен болашағымыз үшін орнының зор екендігіне тоқталды. Жолдауда Педагог статусы жөніндегі заң қабылданатыны, 2019 жылдың Жастар жылы деп белгіленуін ыстық ықыласпен қабылдады.

Еліміздің өсіп-өркендеп, алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарында болуда Жолдаудың рөлі жоғары болатыны сөзсіз.