Главная Новости Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы
25 октября, 2018г.                  318662
Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаеватың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында қойған мақсат-міндеттері бойынша «Жастарды қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдығы» тақырыбында ҚазИТУ ректоры Р.Қ.Ускенбаеваның студенттермен кездесу жиыны 2018 жылдың 22- қазанында өтті.

Кездесу - жиынға студенттер, Жастар ұйымдары комитетінің белсенділері, кафедра меңгерушілері және эдвайзерлер қатысты. Кіріспе сөзбен жиынды ашқан ҚазИТУ ректоры Р.Қ. Ускенбаева Тәуелсіз мемлекетіміздің мәңгілік мұраты: халқымыздың бақуатты өмір сүруі және еліміздің озық дамыған 30 елдің қатарына қосылуы жолында ең алдымен тыныштық, бірлік, ынтымақ керектігін айтты. Елбасы Н. Назарбаевтың «Бірлігіміз мызғымаса, ынтымағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды», деген циатасын келтіре отырып, Жолдауда білімнің сапасын арттыру бағытына кең тоқталып, университет алдында тұрған мақсат-міндеттерді жіктеп берді. Бағдарлама бойынша ҚазИТУ проректоры Г.А.Сарсенбекова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаеватың Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын мақсат-міндеттер туралы баяндама жасады. Г. Әлібекқызы еліміздің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын көтеруге бағытталған биылғы Жолдаудың маңызды тұстарын баяндап, келесі жылы «Жастар жылы» болатындығына тоқталды. Осы тұста университеттің жастар саясатындағы келелі мәселелерге тоқталып, алда тұрған мақсат-міндеттерді іске асыру жастардың тікелей атсалысуымен, әлеуметтік әріптестік арқылы жүзеге асатындығын баяндады.

Жиынында Жастар Ұйымдары комитетінің төрағасы М.Батай Жастар комитетінің 2018-2019 оқу жылындағы «ҚазИТУ үздіктері» жобасымен, «KazETU travel» клубының жұмысымен таныстырып, өз сөзінде «Болашақтағы Қазақстанның жолы жас ұрпақпен тікелей байланысты. Осыған дейінгі Елбасының қай жолдауын алсақ та, жастарға қатысты жобалар мен бастамаларды ескеріп, жастарға ерекше көңіл бөліп келеді. Осы жолғы Қазақстан халқына Жолдауында жастар мәселесін тағы да ескерусіз қалмады. Жастардың білім алуы, әлеуметтік жағдайы ерекше аталып өтіп, келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе»-деп атап өтті.

Сонымен қатар осы кездесу жиында белсенді студенттерден құралған «SMM» (Social Media Marketing) тобының презентациясы көрсетіліп, тұсауы кесілді. «SMM»- бұл университетті әлеуметтік желілер арқылы насихаттап, имидждік сапаны арттыру үшін жұмыс істейтін жаңа топ. Кездесу барысында ректор Р.Қ. Ускенбаева студенттердің сұрақтарына жауап берді.