Главная Новости Кәсіби білім
11 октября, 2018                  318631
Кәсіби білім
11.10.2018 ж. күні 2 курс «1226000 – Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» мамандығының студенттері ҚазИТУ колледж зертханасында зертхана-тәжірибелік сабағын өтті. Арнайы пәндер мұғалімі: Искакова Алтынай Муратовна Жанарбек Әлия, Каналбек Әли, Каниева Динара және Усеинова Фариза бірігіп «Витаминный» салатын даярлады.



Құрамы: 4 порция

Ақ қайданды орамжапырак 250
Сәбіз 160
Көк бас пияз 50
Болгар бұрышы 150
Консервіленген көк бұршақ 200
Балғын алма 240
Лимон (шырыны) 35
Өсімдік майы 30
Қаймақ 120
Қант 30
Шығуы 1000г



Дайындалуы:

Орамжапырақ, сәбіз, көк бас пияз пияз, дәнінен тазаланған алманы турап, лимон шырынын қосып араластырамыз. Үстіне май, қант, қаймақ қосып араластырамыз. Консервіленген көк бұршақты әсемдік үшін қолданамыз. Өте жеңіл салат. Барлық отбасына арналған. Күз мезгілінде таптырмас салат. Барлық пайдалы өнімдер құрамын құрайтын, адам ағзасына бірден-бір пайдалы.



Әбдікәрім Гүлжайна мен Қонаева Алтынай бірігіп «Винегрет» салатын даярлады.

Құрамы 6 порция

Балғын алма 100
Балғын алмұрт 100
Сәбіз 80
Қияр 100 Картофель 250
Сельдерей 40
Ақ желкен 40
Консервіленген көк бұршақ 50
қант 30
Лимон 10
Майонез 120
Салат жапырағы 10
Шығуы 1000г



Дайындалуы:

Алма және алмұрт, сәбіз және пісірілген картоп, қиярды жұқа тілімдеп тураймыз. Ақжелкен мен сельдерейді майдалап тураймыз.
Жемістер, көкөністер, көкөністерді біріктіріп, жасыл бұршақпен араластырып, тұз, қант, лимон шырынын қосамыз, майонезбен араластырамыз.

Салат жапырағын қойып, салатты әсемдейміз.
Винегрет қазіргі таңда барлық дастарханда кезедесетін салат түрі. Салатты даярлау уақыт алганымен, нәтиже өте көңіл толтырарлықтай. Калориясы өте төмен, тойымды салат.



Алиев Имран және Махметов Адиль бірігіп «Балықтан салат» даярлады.



Құрамы: 4 порция

Палтус балғының сүбе 300 г
Жұмыртқа 3 дана
Майонез 3 ас қасық
Картофель 2 Ас көк 1 бумасы
Көк бас пияз 50
Тұз дәміне қарай
Шығуы 1000г



Дайындалуы:

Балықтың филесін кішігірім бөліктерге бөлеміз. Жұмыртқа мен картофельге суық су құйып 15-20 минут қайнатамыз. Ыдысқа салып, жұмыртқа мен картопты араластырыңыз . Балық, жасыл бұршақ және майдалап туралған аскөкті қосыңыз. Тұзды дәміне қарай қосыңыз.

Өте пайдалы салат. Қонақ келгенде бірден-бір таптырмас салат.