Главная Новости «KazETU travel»- мен өткен бір күн!
22 октября, 2018                  318704
«KazETU travel»- мен өткен бір күн!
Алатауға алтын күз келді. Дәл осы шақта Есік көлінің түсі жасылдан көкке ауысып, жан-жағын қоршаған тау жоталарындағы аққайыңдар сарғыш бояуға бөленетін кез. ҚазИТУ студенттері көлдің өзгеше реңге боялған, әсем табиғатына куә болды. Есік көліне бұл бір күндік саяхатты «KazETU travel» саяхатшылар клубы ұйымдастырды.

ҚазИТУ 1-курс студенттері, Жастар комитетінің белсенділері қатысқан бұл саяхат өте қызықты өтті. Студенттік өмірдің алғашқы кезеңінде үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан 1-курс студенттері үшін «KazETU travel»-дің ең алғашқы саяхаты әсем табиғат аясында бір-бірімен етене танысып-білісуіне мүмкіндік жасау болды. Ең бастысы – мұндай іс-шаралар студенттердің патриоттық сезімін арттырып, күш-жігерін тасытып, сенімге сенім қосатыны белгілі.

Есік өзені Алматы қаласынан 80 шақырым жерде орналасқан, сондықтан оған автобуспен баруға тура келді. Жолшыбай автобус ішінде студенттер әртүрлі ойындар ойнап, ән салып, көңіл көтерді. Тамылжыған табиғат аясында тағам әзірлеп, командалық жарыстар өткізіп, ойын ойнап, би билеуге күздің тамашакүні өз шуағын аяған жоқ. Ал жеңімпаздарға берілген әр түрлі сертификаттар қуанышқа қуаныш қосып, ортаны одан сайын әсерлендіре түсті.

Іс-шараға қатысқан студенттердің көңіл-күйлері мен алған әсерлеріне қарағанда клуб жұмысы өз мақсаттарына жетті деп айтуға болады. Алдағы уақытта клуб жұмысына сәттілік тілейміз!











ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі