Главная Кафедры Инженерия компьютерных, автоматизированных и телекоммуникационных систем Новости кафедры БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ!
29 октября, 2018                  318636
БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ!
ҚазИТУ-да Астана қаласының 20 жылдығына орай өткен қалалық «Астана-бақыт мекені» атты ән байқауында университет намысын қорғап жүлделі 3-орын иегерлері атанған Сұран Айым және Бағланбаева Мөлдірді қолдау мақсатында Жастар комитетінің ұйымдастыруымен пресс-конференция өтті. Пресс-конференцияға оқытушылар, колледж және университет студенттері қатысты. ҚазИТУ проректоры Г.Сарсенбекова жүлдегер қыздарымызға ыстық лебізін білдіріп, өнерлеріне шығармашылық табыс тіледі. Сұран Айым және Бағланбаева Мөлдір қатысушы студенттердің байқау туралы жетстікке жету жолындағы қадамдары туралы сұрақтарына жауап беріп, студенттердің қолдауларына үлкен алғысын білдірді. Шара жүлдегер қыздармыздың әсем әнімен аяқталды.

Жеңімпаз қыздарымызды құттықтаймыз! Өнерлеріңіз өрге жүзсін!



ҚазИТУ студенттік баспасөз қызметі