Главная Новости Ғылыми-тәжірибелік конференция
22 ноября, 2018г.                  318687
Ғылыми-тәжірибелік конференция
Конференцияның ұйымдастырылуы 21 қарашадағы «ЕGEMEN QAZAQSTAN» газетінде жарияланған Президент Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының жарық көруімен тұспа-тұс келіп, маңыздылығын арттыра түсті. Бұл мақаладағы жобаларды «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы деп қарастыруға толық негіз бар.

2018 жылдың 21-қарашасында Алматы қаласында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі Басқарма, Алматы қаласы Университеттер Альянсы U-38, Алматы қаласы ЖОО студенттері бірікен G-38 ұйымы, Бостандық ауданы әкімдігі, «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалының қолдауымен Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласындағы көрсетілген міндеттерді іске асыру мақсатында «Рухани жаңғыру: бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

ҚазИТУ ректоры, профессор Раиса Кабиқызы Ускенбаева конференцияны құттықтау сөзбен ашты. Конференцияға Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғалымдары, өнер, әдебиет қайраткерлері, Алматы қаласының жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер, колледж оқытушылары, мектеп басшылары қатысты.

Конференция алдында қонақтар ҚазИТУ-дың жетістік көрмесімен танысты. Конференция бАҒДАРЛАМАСЫНДА ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС, СЕКЦИЯ ЖӘНЕ «БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТ – ҰЛТТЫҢ ТАБЫСТЫ БОЛУ КӨЗІ» АТПЕН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ЖҰМЫС ЖАСАДЫ. «Бәсекелік қабілет-үш тілде білім беру» атпен Әлеуметтік –гуманитарлық кафедра жанына құрылған студенттік тілдік клубтардың ұйымдастыруымен қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өткен «Туған жер» эссе байқауының финалы қорытындыланып, студенттер марапатталды. «Рухани жаңғыру» офисінің «Тұлға» жобасы - студент жастардың рухани-адамгершілік және азаматтық тәрбие орталығының кезекті мастер- классы Т. Жүргеновтың 120 жылдығына арналып, жүргеновтанушылар: Айгүл Егенбайқызы Садықова мен Алмажан Жүсіпқызы Утегалиеваның лекция-сұхбатымен басталып ҚазИТУ студенттері дайындаған музыкалық-әдеби қойылымға ұласты. Танымдық маңызы зор рухани кеште фильм тамашаланды. «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы – білім» тақырыбында дәстүрлі түрде үшінші рет өткізілген «Мамандық үздігі-2018» байқауы қорытындыланды.

Конференцияның ашылуында «Нұр Отан» партиясының Алматы қаласы Бостандық аудандық филиалы кеңесшісі Байғали Әбдәліұлы, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Х. Біржанов сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді. Конференция барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Ш. Уалиханов атындағы тарих және этнология институты директорының орынбасары А. Қ. Шашаев «Рухани жаңғыру аясындағы Қазақстанның киелі жерлері географиясы», Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің проректоры Г.Ә.Сәрсенбекова «Рухани жаңғыру»: қоғамдағы үдерістер», әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті М. Дауытбекова «Рухани жаңғыру және тарихи сананың қалыптасуы», профессор Г.К. Котошова «Қазақ елінің ділдік рухани тұтастығы», Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі, доцент Досалы Салқынбек «Рухани жаңғыру: сапалы білім, саналы тәрбие» атты баяндамалары қызығушылықпен тыңдалды. «Ана тілі» газетінің әлеуметтік мәселелер және ақпарат бөлімінің редакторы Балаубаева Бағдагүл, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің қауымдастырылған профессоры Жұман Саят, Алматы қаласы «Үздік спикер-2018» байқауының жеңімпазы Рамазан Бекбол, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 2-курс студенті Түменбай Ысматолла, ҚазИТУ-дың студенті Зарқымова Зере өз ойларын ортаға салды. Конференцияға 193 қонақ пен 200-ге жуық университет оқытушылары, студенттері қатысты.

Конференцияға «Ана тілі», «Алматы ақшамы», «Түркістан» газеттері мен «Қазақ радиосы», «Шалқар радиосы» ақпараттық қолдау көрсетті.