Главная Новости ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ!
21 ноября, 2018г.                  318648
ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЖИЫНЫ!
21- қараша 2018 жыл. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Рухани жаңғыру: бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастыруымен «Бәсекеге қабілет-ұлттың табысты болу көзі» деген атпен дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш жиынға Алматы қаласы студенттерінің G-38 қоғамдық ұйымы, Бостандық ауданының «Жас Отан» жастар қанаты, Алматы қалалық студенттер алянсы, Жоғарғы оқу орындарының Жастар комитетінің төрағалары мен өкілдері және ҚазИТУ Жастар Ұйымдары комитетінің барлық белсенді студенттері қатысты.

ҚазИТУ ЖҰК төрағасы Меруерт Батай модератор болып, «Бәскеге қабілетті жастар-ел болашағы» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде:«Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен анықталады» -деді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Ел болашағы ол –білімді ұрпақ. Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында кездесетін «бәсекелестік», «білім», «ғылым», «тұтастық», сынды сөздердің жастар үшін маңызы аса зор. Өйткені, білімдінің мыңды жығар заманы келе жатыр. Сандық Қазақстанның болашағы да осы өсіп келе жатқан ұрпақтың қолында. Басты талап – озықты меңгеріп, замана көшіне ілесу. Ел жастары озық біліммен қаруланып, сауатты маман болғанда ғана еліміз өркендеп, дамиды. Елбасының жыл сайынғы Жолдауларында жастарды үнемі қолдап, оларға тек білім мен кәсіби маман болуға ұмтылу қажеттігін айтып отырады. Келер 2019 жыл – «Жастар жылы» деп жарияланды. Біз үшін бұл – үлкен мәртебе!» -деп атап өтті.

Шараға қатысушы қонақтар G-38 қоғамдық ұйымының мүшесі Лунара Ерқанатқызы, Бостандық аудандының «Жас Отан» жастар қанатының төраға орынбасары Айзада Аяшева, Алматы қалалық студенттер алянсының төраға орынбасары, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты Жамал Исмаилова, Алматы экономика және статистика академиясының ЖҰК төрағасы Олег Ачкасов және Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ЖҰК белсендісі Азиз Байназар дөңгелек үстел тақырыбына байланысты өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ҚазИТУ Жастар комитетінің алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жастардың басын қосқан дөңгелек үстел жұмысы жоғары деңгейде өтті



Студенттік баспасөз қызметі