Главная Новости «Тұлға» жобасы: Темірбек Қараұлы Жүргенов
26 ноября, 2018г.                  318646
«Тұлға» жобасы: Темірбек Қараұлы Жүргенов
21.11. 2018 жылы ҚазИТУ-да «Рухани жаңғыру» офисі мен ғылыми кітапхана ұйымдастырумен мәдениет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтің 120 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға» жобасының кезекті жиыны өткізілді. Кеш қонағы – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, жүргеновтанушы Садыкова Айгүл Егенбайқызы. Кездесуге колледж оқытушылары мен студенттері, ғылыми кітапхана қызметкерлері қатысты.

«Тұлға» жобасының мақсаты – қазақ тарихында орны бар танымал тұлғалардың, зиялылардың өмір жолы туралы мағлұмат беріп, білім алушыларды, жастарды Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге, адамгершілікке тәрбиелеу. Кеш модераторы – Н.Ө.Өмірхан

Кеш қонағы Садыкова Айгүл Егенбайқызы өзінің ғылыми-зерттеу жұмыстары, Жүргеновтің өмір және еңбек жолы, отбасы, қоғам қайраткерінің өмірінің қиын кезеңдері, шығармашылығы жайында терең де мазмұнды баяндама жасады. Кездесу ары қарай студенттермен сұхбатпен жалғасты. Студенттер сұрақтар қоя отырып, өз ойларын да ортаға салды.

Жүргеновтанушы Айгүл Егенбайқызына рухани құндылықты жаңғырту мақсатында жастарға берген мазмұнды сұхбаты үшін үлкен алғыс білдіреміз!