Главная Новости ҚазИТУ колледжінде ашық сабақ өтті
28 ноября, 2018г.                  318669
ҚазИТУ колледжінде ашық сабақ өтті
2018 жылы 27 қараша күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінде 1226000- «Тамақтандыру кәсіпорындары өнімдерінің технологиясы және өндірісін ұйымдастыру» мамандығының студенттерімен арнайы пәндер оқытушысы Мыржиева Асем Бекболатовна «Мемлекеттік және ұйым стандарттарының жобасын әзірлеу» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақтың мақсаты – стандарттар жобасын жасауды, құрылымдық элементтерін жобалай білуді үйрету; топпен жұмыс жасауды дамыту; мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ сайыс түрінде өтті. Топ студенттері 3 командаға бөлініп, әрқайсысы өз жобаларын жасап, қорғады. Әр топтың дайындаған нормативтік құжаттары сұрақ қою арқылы талқыланып, бағаланды.

Сабаққа колледж әкімшілігі, оқытушылар мен студенттер қатысып, жоғары деңгейде өтілді деп бағаланды.