Главная Новости Хабарлама!!! Бос білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы
23 Шілде 2026                  557
Хабарлама!!! Бос білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы

Хабарлама!!!

Бос білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген бакалавр немесе магистр дәрежесін алуға арналған жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру грантын беру ережелерінің 24-тармағына сәйкес, Халықаралық инженерлік-технологиялық университет жоғары білім алу барысында босатылған республикалық бюджет қаражаты есебінен төмендегі білім беру бағдарламалары бойынша ақылы негізде оқып жатқан студенттер арасында бос білім беру грантын беру бойынша конкурс жариялайды:

:

2026-2027 жылындағы мемлекеттік білім грант бойынша бос орындар

БББТ

Курс

Бос орын

1

B057 Ақпараттық технологиялар

 

 

 

2

2

2

B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

1

3

B064 Механика және металл өңдеу

4

4

B062 Электр техникасы және энергетика

1

5

B077 Өсімдік шаруашылығы

1

 

 2 курс жалпы саны:

 

9

6

B068 Азық-түлік өнімдерінің өндірісі

3

1

7

B059 Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар

3

1

 

3 курс жалпы саны:

 

2

8

B057 Ақпараттық технологиялар

4

1

 

4 курс жалпы саны:

 

1

9

M104 Көлік, көліктік техникасы және технология

2

1

 

2 курс магистратура бойынша жалпы саны:

 

1

 

Университет бойынша жалпы саны:

 

13

Конкурсқа қатысу үшін 2026–2027 оқу жылының жазғы емтихан сессиясының қорытындысы бойынша транскриптті қоса отырып, ҚР ҒЖБМ-нің атына өтініш беру қажет.

Өтініш қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 27 шілдеге дейін.

Жоғары білім алу процесінде босаған ваканттық білім беру гранттарын беру рәсімі төмендегідей тәртіппен жүзеге асырылады:

 

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушы ақылы негізде оқитын студент университеттің Офис-регистраторына ҚР ҒЖБМ-нің атына оны мемлекеттік білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға ауыстыру туралы өтініш және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін тапсырады. Бүкіл оқу кезеңі үшін транскрипт Офис-регистраторға ұсынылады;


фис-регистратор білім алушының өтініші мен құжаттар пакетін қабылдап, тіркеу журналында тіркейді; Университет әкімшілігі келіп түскен өтініштерді қарап, оларды Ғылыми кеңестің қарауына шығарады;


27 шілдеге дейін ЦОО ваканттық білім беру гранттарына ауыстыруға үміткерлердің тізімін түпкілікті шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне (бұдан әрі – ҚР ҒЖБМ) жолдайды. Білім алушының өтінішіне Ғылыми кеңес пен Қамқоршылық кеңестің шешімімен бірге білім алушының транскрипті, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) және жоғары оқу орнынан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі қоса тіркеледі;


ҚР ҒЖБМ келіп түскен құжаттарды білім беру бағдарламалары топтары, оқу нысандары мен оқу мерзімдері бойынша, оқуға түскен жылын ескере отырып қарайды және оң шешім қабылданған жағдайда жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің ваканттық білім беру грантын тағайындау туралы бұйрық шығарады (егер білім беру бағдарламалары тобы бойынша үміткерлер болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған ваканттық білім беру гранттары даярлау бағыты немесе білім беру саласы шеңберінде қайта бөлінеді);


ҚР ҒЖБМ-нің мемлекеттік білім беру грантын қайта рәсімдеу туралы бұйрығы негізінде Білім беру саласындағы ұлттық стандарттар және тестілеу ұлттық орталығы өтініш берген білім алушының атына мемлекеттік білім беру гранты иегерінің куәлігін ресімдейді;


Білім беру грантын тағайындау туралы берілген куәлік пен ҚР ҒЖБМ бұйрығы негізінде Офис-регистратор университет бойынша білім алушыны білім беру гранты бойынша әрі қарай оқуға ауыстыру күнін көрсете отырып бұйрық шығарады.