Главная Новости ҚазИТУ-да «Тұңғыш президент. Тәуелсіздік дәуірі» атты жастар отырысы өтті
04 декабря, 2018 г.                  318727
ҚазИТУ-да «Тұңғыш президент. Тәуелсіздік дәуірі» атты жастар отырысы өтті
Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Қазақстан инженерлік-технологиялық универсиетінде «Нұр Отан» партиясының және «Жас Отан» жастар қанатының қолдауымен 1-желтоқсан Тұңғыш президент күні мерекесіне орай «Тұңғыш президент, Тәуелсіздік дәуірі» атты еркін форматтағы жиыны өтті.

Аталмыш шараға Алматы қалалық студенттер Алянсының мүшесі Аманбекова Асем, «G-38» қалалық студенттер ұйымынан Ернұр Ғарыш және ҚазИТУ Жастар Ұйымдары Комитетінің белсенді студенттері қатысты.

Жастар отырысының басты мақсаты - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруда, егеменді Қазақстанның демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде дамытуға қосқан жеке үлесі жайында және Елбасының еліміздің жан-жақты - экономикалық, технологиялық, саяси, әлеуметтік және қоғамдық сананы модернизациялаудағы бастамаларына кеңінен тоқталып, осы арқылы жастардың бойындағы патриоттық сезімдерін нығайтуға үлес қосу.

Алматы қалалық «G-38» ұйымының мүшесі, ҚазИТУ жастар комитетінің төраға орынбасары Дарын Төлеубай модератор болып, «Әлем таныған-Елбасы» тақырыбында кіріспе баяндамасын жасап, Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың өмір жолы, ел дамуы жолындағы елеулі еңбектері мен келелі істері жайында сөз қозғады.

Келесі болып, Алматы студенттер алянсының мүшесі Аманбекова Асем мерекемен құттықтап, өз сөзінде Еліміз егеменді ел ретінде дамуға бет алған алғашқы күндерінен бастап жаһандық деңгейде де, республикалық деңгейде де маңызды саясат жүргізіп келгендігін, Президентіміз ұйытқы болған жаһандық бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау тапқандығын айтып, Елбасымыздың жаһандық стратегиялық бастамаларына кеңінен тоқталды.

«G-38» ұйымының мүшесі Ернұр Ғарыш: Елбасы бастамалары, жастарға қамқорлықтың жарқын үлгісі туралы сөз қозғады. Осы орайда қатысушы студенттер өз ойларын білдіріп, пікір алмасты.

Жастар жиынының соңын ҚазИТУ жастар комитетінің төрағасы Меруерт Батай: «Елбасы жастар ешқашан елеусіз қалдырған емес. Мәңгілік еліміздің келешегі, тәуелсіздік тұтқасын ары қарай ұстайтын, Елбасының ауқымды стратегиялық межелерін, мақсаттарын іске асыратын да жастар. Сондықтан да Елбасы әрдайым жастардың мәселесіне ерекше назар аударып, әрбір жолдауында жастарға үлкен ықылас танытады. Келер жылдың «Жастар жылы» деп жариялануы -жастар саясатын көркейтуге тағы да бір үлкен серпін беретініні сөзсіз. Осы орайда ҚазИТУ Жастар Ұйымдары комитетінің белсенді студенттердің басын қосып, қалалық ұйымдарға мүше болып, елдің болашағы болар жастарды тәрбиелеуге өзіндік үлесін қосуда Жастар- Елбасының тірегі, Елбасы-елдің тілегі!- дегендей еліміздің еңсесін көтеріп, шекарамызды шегендеп, халқымызды төрткүл дүниеге танытқан, әсем Астанасын салып, айдай әлемге әйгілеген, халқымызға пана, жастарға аға болған Елбасына қай кезде де айтар алғысымыз шексіз!» - деп жиын соңын қортыныдылады.

Сонымен қатар жиын барысында қатысушылар видеороликтер мен Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылған ҚазИТУ көрмесін тамашалады.