Главная Новости «Ардақтаймын атыңды, Алашымның арыстары!»
18 март, 2017                  318729
«Ардақтаймын атыңды, Алашымның арыстары!»
17-наурыз Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Алаш партиясының 100 жылдығы, Алашорда көсемі Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойына байланысты «Ардақтаймын атыңды, Алашымның арыстары!» тақырыбында шығармашылық кеш өтті. Кеш ұйымдастырушысы әлеуметтік–гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Чаяхметова Мейіргүл Мұратбекқызы. Университет пен колледж студенттері бірлесе өнер көрсеткен кештің шымылдығы көрініспен ашылды. Тар жол тайғақ кешу заманында «ерлік пен теңдікті» аңсап, ел болу жолында бар күшін аямаған, ардақты Алаш арысы Әлихан Бөкейханов жайлы қойылған көрініс өте әсерлі болды. Кеште студенттер алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығынан үзінділер көрсетіп, патриоттық әндер шырқап, би билеп, күмбірлете күй шертті. Алаштың асылдарын өз жырларына арқау еткен жас ақындардың айтысы көрермен көңілінен шығып, ыстық ықыласына бөленді. Шығармашылық кеш жастардың бойындағы патриоттық сезімін арттыруда үлкен үлес қосты.