Главная Новости ҚазИТУ студенттері «Медеу» мұз айдынында!
7 ноябрь, 2016                  318747
ҚазИТУ студенттері «Медеу» мұз айдынында!
Салауатты өмір салтын насихаттау, және студенттердің денсаулығын нығайтып,көңілді уақыту өткізу мақсатында 4.11.2016 күні «Жастар Ұйымдары Комитетінің бастамасымен Алматы қаласында орналасқан атақты «Медеу» мұз айдынында «Ice party» ұйымдастырылды.

Медеу Іле Алатауы баурайында теңіз деңгейінен 1691,2 м биіктікте орналасқан ірі спорттық кешен.Кешенінің құрылысы 1949 жылдың күз айында басталған, алғашқы ресми ойындар 1951 жылдың 4 ақпанында өтті. Стадионға жасанды мұз тек 1972 жылы ғана төселді.Қысқы спорттық ойындарға арналған мұз айдыны, жасанды мұз алаңының аумағы 10,5 мың ш.м, айдындағы мұз жабындысының қалыңдығы 2,3 метрді құрайды. Тау бөктеріндегі жайлы климат, күн радиациясының қолайлы деңгейі, төмен ауа қысымы және таза тау суы мұздың жоғары сапалы болуын қамтамасыз етеді. Бұл жерде 120 аса әлемдік рекордтар жасалды.Кешен жаз айында да таптырмайтын мекен. Онда түрлі спорттық жарыстар өткізіледі. Ал қыста негізгі маусымы ашылады.

Мұз үстіндегі конькимен сырғанау шарасына Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері барып, табиғат аясында, таза ауамен тыныстап,көңілді уақыт өткізді.Жастар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп,осындай шараларды жиі өткізуді қолдады.