Главная Новости ҚазИТУ-да Халықаралық студенттер мерекесі аясында «Қандай ғажап, студенттік жылдар-ай!» атты кеш өтті
17 ноябрь, 2017                  318778
ҚазИТУ-да Халықаралық студенттер мерекесі аясында «Қандай ғажап, студенттік жылдар-ай!» атты кеш өтті
   2017 жылдың 17-қарашасында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Халықаралық студенттер күніне орай, университет проректоры Г.Ә.Сәрсенбекованың басшылығымен және жас оқытушылардың ұйымдастыруымен «Қандай ғажап, студенттік жылдар-ай!» атты мерекелік кеш өтті.
   Аталмыш кештің алғашқы студенттерді құттықтау сөз кезегі университет ректоры, ф-м.ғ.д., профессор Н.М.Темірбековке берілді. Ректор өз сөзінде студенттің басты мақсаты білім алу, болашақ маман иесі болу, өз мамандығына мұқият, тыңғылықты болуы қажет екендігін айтып өтті.
   Мерекелік шарада әуелеген ән, дүбірлеген дүние толы күй, мың бұрала билеген бишілер де студенттердің жанына жылы шырай, мол қуаныш сыйлады. Жас оқытушылардың флэш-мобы көрермен ықыласына бөленіп, квартетте орындалған оқытушылар әні таңдай қақтырды.
   Студенттерді құттықтау үшін Париж қаласында өткен ЮНЕСКО 2017 «Дети в ритме Мира» фестивалінің финалистері Мәділ Айым мен Гүлімнің орындауындағы әсем әні көпшілікті тәнті етсе, «Бегім сұлу» би ансамбілінің «Қазақ биі» жақсы көңіл-күй сыйлады.
   Тәрбиелік маңызы зор мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті.