Главная Новости «Алтын күз -2017» байқауы
29 ноябрь, 2017                  318628
«Алтын күз -2017» байқауы
ҚазИТУ да күз мезгілінің дәстүрлі мерекесі "Алтын күз- 2017" байқауы өтті. Жастар Ұйымдары Комитетінің ұйымдастырған байқауының қызықты әрі тартысты өтуіне 1- курс студенттері ұйытқы болды. Кеш мақсаты студенттердің әртүрлі іс-шараларға белсенді қатысуы, біліммен қатар өнерді бірге алып жүруге дағдыландыру және уақыттарын көңілді, әрі тиімді өткізу. Байқауға мамандық бойынша 1- курс студенттері арасында әр топтан іріктелген 4 жұп қатысты. Байқау шарттары бойынша бірінші кезеңде әр жұп өздерін таныстырса, екінші кезеңде өз өнерлерін көрсетті.Үй тапсырмасы белгілі тақырыпта видео түсіру байқаудың үшінші кезеңі болса, соңғы кезең - сән үлгісі. Байқауға қатысушы жұптардың барлығы өздерінің жан- жақты өнерлі, білімді әрі талантты екендіктерін көрсете білді. Байқау қорытындысында әділ қазылардың шешімі бойынша сыпайылығымен, жарасымдылығымен, дайындығымен көрермендер жүрегін жаулаған Ерманов Еламан мен Паттулаева Гүлжазира жұбы Гран- приге лайықты деп табылса, 1-орынды ҚазИТУ колледжінің атынан қатысқан Әбілпаттал Абылайxан мен Миятбек Венера иеленді, 2- орын - Изетилла Нұрсұлтан мен Бозаева Анель, Абибулла Аян мен Рысқазықызы Ғалиябану жұбы 3 - орынға ие болды. Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен, сыйлықтармен марапатталды. Алдағы уақытта да университетте аталмыш байқау ұйымдастырылмақ.