Главная Новости ҚАЗИТУДА «СТУДЕНТТІК ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ» САЛТАНАТЫ ӨТТІ
11 октября, 2018                  318644
ҚАЗИТУДА «СТУДЕНТТІК ҚАТАРҒА ҚАБЫЛДАУ» САЛТАНАТЫ ӨТТІ
Ару қала Алматының құшағында орналасқан Қазақстан инженерліе-технологиялық университеті - оқу ордамызға жаңа леп қосылды. Кеше ғана мектеп табалдырығында білім алып, үлкен арман әлемін шарлап, жоғары оқу орнына түссем деген ізгі ой қалықтаған буын, бүгінде студент атанып, арманның ақ тұлпарын мініп, білім әлемін шарлауға дайын тұр. Жас толқын жастардың жанарынан жарқын болашақ, үлкен арман-мұраттар байқалады. Осыған орай ҚазИТУ-да жаңа оқу жылының жарқын оқиғасы бірінші курс студенттерін «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты шарасы өтті.





Көп жылдан бері қалыптасқан дәстүр бойынша жоғарғы курс студенттерінің негізгі мақсаты осы кешті есте қалатындай етіп ерекше өткізу. Себебі, көбі бұл күнді кейін, есейе келе, студенттік ғұмырдың қызықты сәттерінің бірі ретінде, мәңгілік есте сақтайды. Сонымен қатар бұл мерекелік шараға қатысу алғашқы күндерден өзіңді көрсетуге, жаңа достар табуға және курстастарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.





Осы мақсатта әсем қаламыздың орталығында орналасқан «Бақшасарай» салтанатты залында студенттер керемет кештің куәсі болды. Ауқымды студенттік мереке университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, ата-аналар, қонақтар және студенттердің қатысуымен өтті. Салатантты шараның шымылдығы Жастар ұйымдары комитеті мен студенттердің «Шабыт» би клубының ұйымдастыруымен қойылған алғашқы студенттік вальспен ашылды. 100-ге жуық студент жұптаса билеген студенттік вальс салтанаттың сәніне айналып, қонақтардың көңілінен шықты. Қабылдау кешінде физика –математика ғылымдарының докторы, профессор Н.М.Темірбеков салтанатты шараның алғашқы құттықтау сөзінде студенттерді ҚазИТУ студенті атануымен құттықтап, университет жайлы, жеткен жетістіктері мен болашақтағы жоспарлары туралы қысқаша сөз етті. Биылғы 2018-2019 оқу жылында 500-ден астам арманшыл жас ҚазИТУ студенті атанды. ҚазИТУ студенттер қатары мемлекеттік білім грант иегерлері, республикалық ҚазИТУ-Зерде олимпиадасының жеңімпаздары, мен республикалық шығармашалық, спорттық жарыстардың жеңімпазарымен толықты.





Одан әрі мерекелік кеш жұмысберушілер-ҒЗИ өкілдері: ғылым докторлары Чоманов Урисбек Чуманович, Велямов Масимжан Турсынович, «Қазақтелеком» өкілі Бектурсунов Нурлы Асилбекович ТОО «Академсеть» директоры Тақабаев Тахир Маратович, АӨК Кеңесінің вице-президенті Сабралиева Марина Дуйсенгалиевна; оқу-тәжірибе орталықтары басшылары, өкілдерімен және студенттердің ата-аналары: Г.Ж. Райымбергенова, Қ.асылбеков, И. Асылбекова, И.И. Карафатенконың ыстық лебіздерімен жалғасты.



Дәстүр бойынша бірінші курс студенттеріне салтанатты түрде студенттік билет білім кілті табысталды. Салтанатты қабылдап алу құрметіне мемлекеттік грант иегері, «Есептеу техикасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 1-курс студенті Кыняз Азамат және «Қаржы» мамандығының 1-курс студенті, республикалық ғылыми жобалар жеңімпазы Абдуллаев Нұржан және 123 бал иегері Мырзатай Аида, 116 бал иегері Мұстахим Молдір ие болды. Мерекелік шарада студенттер университет пен ел игілігі үшін бетке ұстар азамат болуға, оның абыройын асқақтатуға, бәсекеге қабілетті маман болуға ант беріп, «Гаудеамусты» хормен шырқады. «Студенттік билет» пен «Білім кілтін» иеленген 1 курс студенттері ресми түрде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттері қатарына қосылды Сонымен қатар салатанатты шарада Жатсар ұйымдары комитеті ұйымдастыруымен өткен байқаулар мен номинацияларды ҚазИТУ проректоры Гүлнәр Әлібекқызы Сарсенбекова мен Жастар ұйымдары комитетінің президенті, Президенттік шәкіртақы иегері Меруерт Батай табыстады. 1-курс студенттері: Зерде-ҚазИТУ олимпиадасының жеңімпазы, Қуантаев Жанболат пен «Туризм» мамандығының студенті Төрехан Сымбат « Студенттер балының ханзадасы мен ханшайымы» атанды. Мерекелік кеш соңы концерттік бағдарлама мен студенттердің би кешіне ұласты. 1-курс студенттері –университеттің басты құндылығы, бүгіні мен ертеңінің үміті мен мақтанышы!



Барша 1-курс студенттерін ҚазИТУ-мен бірге басқан қадамдарымен құттықтаймыз! Алға, Сәттілік серіктеріңіз болсын, 1 курс!





Студенттік баспасөз қызметі