Главная Новости HackDay- идеядан прототипке дейін!
16 ноября, 2018г.                  320936
HackDay- идеядан прототипке дейін!
10-11 қараша күндері Алматы қаласында ҚР Білім және Ғылым министрлігі және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен халықарлық дәстүрлі «HackDay» иновациялық идеялар фетивалі өтті.

HackDay – бұл қатысушылар өз ойларын прототипке айналдыратын шара. Олардың команда жинап, 24 сағатта жоба жасап шығаруға мүмкіндіктері бар. HackDay – дарынын іске асыратын алаң, бұндағы бас жүлде – өз жобасын іске асыру мүмкіндігі. HackDay-ға қатысу - бұл қуатты шығармашылық ортада топты жинау, сонымен қатар қызықты жобаларды ұсыну, оны жүзеге асыру боп табылады.

Қазақстан мен ТМД елдерінен 3000-нан астам адам қатысқан шарадан ҚазИТУ студенттері де шет қалмады. Университет проректоры Г.А.Сарсенбекова мүмкіндіктерді іске асыратын шараға қатысушы студентерді қолдап бағыт-бағдар берсе, Жастар комитеті және Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының оқытушысы А.К.Нурмаганбетова студенттерді ұйымдастыруға ат салысты.

Студенттердің ғылыми мүмкіндіктерін ашатын иновациялар фестиваліне ҚазИТУ атынан «Ақпараттық технологиялар» секциясына 1-3 курс студенттері Нұркелді Қыран, Иванов Анатолий, Жарманбетов Саят, Танаш Сабит, Карафотенко Роман және «Кино мен видео » секциясы бойынша Ыбырай Самат, Қалдыбеков Сабыржан, Жұматай Барат, Қуантаев Жанболат қатысты.

«Ақпараттық технологиялар» секциясында бақ сынап, «Chocolife.me» сервисінің арнайы тапсырмасын орындаған ҚазИТУ студенттерінің жобасы ұйымдастырушылардың көңілінен шығып «Chocolife.me» сервисінде жұмыс істеуге шақырту алды. «Кино мен видео » секциясына қатысқан студенттер мотивациялық видеролик түсіріп 91 команданың арасында 8-ші орынды иеленді.

Осыған байланысты университетімізде қатысқан студенттердің жетістіктерін насихаттап , аталмыш шара туралы барлық ҚазИТУ студенттерін толығырақ таныстыру мақсатында пресс-конференция ұйымдастырылды. ҚазИТУ- дың IT командасы HackDay-дан алған әсерлерімен бөлісіп, келер жылы жүлделі орынға іліну мақсаттары екендігін баса айтты.

НackDay –ге тұңғыш рет қатысқан ҚазИТУ студенттері үшін бұл тек бастамасы ғана деп білеміз. Алдағы уақытта ҚазИТУ – дың IT командасына сәттілік тілейміз!

Студенттік баспасөз қызметі