Главная Кафедры Инженерия компьютерных, автоматизированных и телекоммуникационных систем Новости кафедры Қазақстан Инженерлік- Технологиялық Университетінің колледжінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
22 февраль 2019г                  318717
Қазақстан Инженерлік- Технологиялық Университетінің колледжінде қайырымдылық жәрмеңкесі өтті

Дәстүрге айналған жәрмеңкенің мақсаты – колледж ұжымы мен студенттерінің санасына мейірімділік, сүйіспеншілік, қайырымдылық сияқты ізгі ұғымдарды қалыптастыру.

Жәрмеңкеде «Аяла» қайырымдылық ұйымының белсенділері өздері дайындаған түрлі тағамдар мен сусындарды арзан бағада ұсынды. Колледж қызметкерлері мен білімгерлері өз кезегінде дәмі тіл үйірер тіскебасарларды көптеп сатып алып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

– Жақсылық пен игілікті жұмыстарға мұрындық болу – үлкен адамгершіліктің белгісі. Осындай шараларды жүзеге асыра отырып колледжімізде жақсылық жасауға шақырамыз, – деп, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Майра Хусаиновна өз пікірін білдірді.

«Аяла» қайырымдылық ұйымы алдағы уақытта да қайырымдылық іс-шараларын тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.