Главная Новости Гүл сыйлайық әйелге!
08 март, 2019                  318628
Гүл сыйлайық әйелге!
Күлімдеген көктемнің шуақты мерекесі 8- наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ҚазИТУ-да «Гүл сыйлайық әйелге» атты мерекелік шара өтті. Жастар Ресурстық орталығының белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен өткен мерекелік шара жоғарғы деңгейде өтті.. Оқу ордамыздың барша әйелдер қауымына арналған мерекелік кеш жігіттердің ана туралы тебірене айтқан поэзиясымен басталып, Б.Шыңғысбек, А.Мыңжасар, Т.Жомартқызы қыздарымыздан құралған трионың «Аяулы ана» әніне ұласты.

Аталмыш шарада университет ректоры Г.А.Сарсенбекова оқу ордамыздың аяулы ханымдары мен ару қыздарын мерекемен құттықтап, ыстық лебізін білдірді.

Қазақстан эстрадасының жұлдызы Нұрман Арыстан арнай кешке қонақ болып, әуезді әндерімен кештің шырайын келтіріп, көрермендерге жақсы көңіл күй сыйлады.

Қонақтар мен студенттердің әсем әндері, қызықты конкурстар барлығы нәзік жанды арулардың құрметіне арналды.

Кеш соңы ҚазИТУ студенттері Н.Абдуллаев, М.Бағланбаева, А.Картенбаев Е.Жасұзақ, А.Мырзатай, Е.Сапаралы қосыла шырқаған «Гүл сыйлайық әйелге» әнімен аяқталып, залдағы бараша нәзік жанды аруларға гүл сыйланды.

Университетіміздің барша нәзік жанды ұстаздарын,аяулы қыздарын төл мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!