Главная Новости Барлығы студенттер үшін!
12 март, 2019                  318664
Барлығы студенттер үшін!
Жастар жылы аясында 8-наурыз халықаралық әйелдер күні меркесіне орай ҚазИТУ студенттер үйінде қыздарға арналған фитнес-жаттығу залы ашылды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев әрқашан жастардың спортпен шұғылдануына, айрықша көңіл бөліп, жастар үшін қолжетімді болуын айтқан болатын. Мереке қарсаңында ашылған жаттығу залы Елбасы жүктеген тапсырмаларды іске асыру, спорт және фитнесті дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, студент жастардың фитнес сауаттылығын жоғарылату мақсатында университет басшылығының аруларымызға арналған ерекше сыйы болды.

StudHouse-та іске қосылған қыздарға арналған залда бір мезгілде ондаған аруымыз спортпен шұғылдана алады. Фитнес залында жаттығуға арналған заманауи үлгідегі түрлі құрал-жабдықтар, іштің бұлшық еттерін шынықтыратын, бой сымбаттылығын реттейтін, өзге де дене-шынықтыруға қажетті спорттық заттар: шеңбер, доп, секірмек, гантель, гимнастикалық таяқ пен кілемше қойылған. Жаттығу залы арнайы график бойынша жұмыс істейді және барлық студенттер үшін тегін.

Елбасымыздың 5 әлеуметтік бастамасы бойынша 2018-2019 оқу жылында есігін ашқан Студенттер үйі бүгінде Алматы қаласындағы заманауи үлгідегі үздік студенттер үйі болып табылады. Студенттер үйінің барлық басқару, ұйымдастыру жұмыстары студенттердің құзырында. Барлығы студенттер үшін ұранымен студенттерге қызмет ететін StudHouse күннен- күнге тұрғындардың жан-жаты дамып, жайлы өмір сүруі үшін көркейіп келеді.

StudHouse қыздары енді көктеммен бірге одан сайын құлпырып, жан сұлулығы мен тән сұлулығын бірге дамытатын болады. Осы үшін студенттер атынан университет басшылығына зор алғысымызды білдіреміз!