Главная Новости Жастар діни экстремизмге қарсы!
03 апрель, 2019                  318724
Жастар діни экстремизмге қарсы!
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттер үйінде «Жастар діни экстремизмге қарсы» атты кездесуінде арнайы теолог маманның қатысуымен жастар арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу жайында талқыланды.

Жастар ресурстық орталығы мен студенттер үйінің студенттік кеңесінің ұйымдастыруымен өткізілген кездесуге экстремизмге қарсы салада тәжірибесі мол, білімді де білікті теолог Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Исламтану кафедрасының» оқытушысы, Қазақстан Республикасы Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен, «Шапағат» медалімен, сондай-ақ «Ақтөбе облысының «Жыл адамы» – 2013» облыстық наградасымен марапатталған Асқар Сабдин қатысты. Діни экстремизмге қарсы күресте айтарлықтай үлесін қосып жүрген білікті маман Асқар Сабдин жиналыс барысында оншақты жылдан бергі атқарған жұмыстарында діншілдердің дүниетанымын өзгерту жолдары мен олармен жұмыс жүргізу амалдары жайында кеңінен тоқталғанды. Рухани вакум салдарынан дұрыс діни түсінік кемшіндігінен жат ағым жетегіне кетіп, сыртқы саяси мүдделер құрбанына айналған қаракөздер баршылық. Олардың басты қателіктерін ғылыми тұрғыда түсіндіріп берген тәжірибелі теологты студенттер аса ынта-ықыласпен тыңдады. Тәжірибелі теолог жастарға «Дəлелім бар» деген стереотипті түсіндіріп, «бұл сөздің экстремизммен қандай байланысы бар?» деген сұраққа нақты ғылыми негізде жауап берді. Студенттер білімді тереңдетіп, дүниетанымды кеңейтетін осындай кездесулердің дәстүрлі түрде өтуіне тілек білдірді.