Главная Новости Студенттер үйінде - сейсенбілік кездесу.
10 апрель, 2019                  318689
Студенттер үйінде - сейсенбілік кездесу.
ҚазИТУ StudHouse-та «Жастар жылы» аясында сейсенбі күндері - әр салада жетістікке жеткен елімізге танымал тұлғалармен кездесу күні. Кездесу мақсаты танымал тұлғалар StudHouse тұрғындарымен пікір алмасып, өмірден алған сабақтарымен, өз саласындағы қызықты оқиғаларға толы әсерлі әңгімелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін айтып және студенттермен тәжірбие бөлісу. Студенттер үйінде бұл жолғы сейсенбілік кеште жастар арасында инстаграм арқылы танылып, жарық жұлдызармен жұптасып ән шырқап ғана қоймай, өзініе серік еткен гитара аспабымен талай жанның құлағының құрышын қандырып жүрген Ақсұңқармен кездесу өтті. Жұлдызды қонақ жалғыз өзі емес, қызықты кештің көңілді өтуіне үлесін қосқан өнер жолындағы шәкірті Еламан Ильясовты жанына ерте келді.

Кездесу басында жақында ғана оқуын тәмамдап, үлкен өмірге аяқ басқан жас жұлдыз замандастарына өнер жолы мен өмір жолында кездескен қиындықтары, жұлдызды өмірдің ақ пен қарасын айта кетті. Сырлы сұхбат гитарамен шырқалған ән кешіне айналды. Студенттер үйінің тұрғындары жәй ғана ән шырқап қоймай, өзіра топтарға бөлініп ән жарыс та ұйымдастырылды. Аз уақыт ішінде, студенттер арасында жылы лебізге бөленіп жүрген оқу ордамыздың психологы Қарлығаш Өмірзаққызы студенттердің ұжымдық рухын, әрі бірлікке баулитын ерекше ойынын өткізді. Бір жарым сағатқа созылған кездесуде соңында студенттер ерекше әсер алып, меймандармен суретке түсіп, көтеріңкі көңіл-күймен қайтты. Өз кезегінде StudHouse тұрғындары жас жұлдыздарға шығармашылық жетікстіктер мен толағай табыстар тілеп, ыстық ықыласпен шығарып салды!