Главная Новости ҚазИТУ-дың «Үздік тобы» анықталды!
19 апрель, 2019                  318698
ҚазИТУ-дың «Үздік тобы» анықталды!
Жастар жылында елімізде жарқын бастамлар іске асырылып келеді. Соның бір көрінісі Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде оқудағы және ғылымдағы жеткен табыстары мен қоғамға қосқан үлестері үшін университет шәкіртақысы тағайындалатын болды. Бұл игі бастама университет түлектері мен демеушілердің қолдауымен іске асады. Бүгінгі күнге дейін студенттер мемлекеттік және президенттік шәкіртақы алып келген болатын. Сонымен қатар Жастар жылындағы жаңадан енгізілген игілікті шаралардың қатарында «Үздік студенттік топ», «Үздік эдвайзер» байқауларының орны ерекше.

Байқау барысында студенттік топтардың тапқырлығы, біліміділігі және ұйымдастырушылық қабілетін жоғары деңгейде көрсету - қатысушыларға қойған басты талап болып табылады. Бұл додада студенттер жалпы өздерінің оқу үлгерімі, ғылыми, мәдени және қоғамдық шаралардағы белсенділіктері туралы айтып, өзін-өзі басқарудағы ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсете білді.

Наурыз айында қорытындыланған байқау нәтижесі бойынша Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің 12 60 00 «Тамақтандыру кәсіпорындарының өнім өндіру технологиясы және оны ұйымдастыру» мамандығының студенттері «Үздік топ» және эдвайзері Мыржиева Әсем Бекболатқызы «Үздік эдвайзер» атанып, университет атынан 100000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Байқау жеңімпаздарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Әрдайым үздіктер қатарынан көріне беріңіздер!