Главная Новости Саптық дайындық бойынша сайыс
24 апрель, 2019                  318660
Саптық дайындық бойынша сайыс
ҚазИТУ колледжінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 27-жыл толуына орай Саптық дайындық бойынша жарыс өткізілді.

ҚазИТУ колледжінде 24-ші сәуірде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 27-жыл толуына орай Алғашқы әскери дайындық пәнінен 1-курс студенттерінің арасында Саптық дайындық бойынша жарыс өткізілді.
Жарыс 4-кезеңнен тұрды: 1.Саптық жүріс
2.Автоматты бөлшектеп-жинау
3. Газқағарын кию
4. Алғашқы медициналық көмек көрсету
5. Қабырға газеттерін шығару

Әділ қазылар алқасы құрамында Алматы қаласы Бостандық ауданы Әскери комиссариатының Техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің әдіскері Д.Акапов, колледж директоры М.Шалабаева, оқытушылар, студенттер.