Главная Новости Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
06 қыркүйек, 2019                  321006
Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті!
Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті! Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Білім күніне» арналған салтанатты шара өтті. Аталмыш шараға университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы, студенттер мен ата-аналар қатысты. Бұл күндері кең байтақ Қазақ елінің барша мектептері мен жоғары оқу орындарында Білім күні кеңінен аталып өтуде. Осынау айтулы мерекенің басты кейіпкерлері – бірінші сыныпқа барған бүлдіршіндер мен жоғары оқу орындарының табалдырығын аттап отырған 1 курс студенттері. Салтанатты шараны Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры, Г. А.Сарсенбекова өзінің құттықтау сөзімен ашып, университет ұстаздары мен студенттерін жаңа оқу жылының басталуымен арнайы құттықтап, студенттердің ата-аналарына да ыстық лебізін жеткізіп, балаларының дұрыс таңдау жасағандары үшін өз ризашылығын білдірді. Сөз соңында студенттердің сапалы білім алулары үшін университет әкімшілігі тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалатынын, жаһандану үдерісінде бәсекеге қабілетті, білімді де білікті, кәсіби шеберлігі жоғары, ойы ұшқыр, өзіндік ғылыми көзқарасы мен пайым-талағамы биік мамандар даярлап, оларға жақсы тәрбие беру университет ұжымы мен ондағы оқытушылардың басты мақсаты екендігін баса айтып өтті. 2019-2020 оқу жылында университет студенттерінің қатары республикалық «Зерде-ҚазИТУ» олимпиадасының жеңімпаздары, «Алтын белгі» иегерлері, оқу үздіктері, әр түрлі шығармашылық, спорттық байқаулардың жүлдегерлерімен толықты. «Білім күніне» арналған салтанатты жиында осы жылы 1-курс студенттері атанған «Алтын белгі» иегерлері өз лебіздерімен бөлісті. 2018-2019 оқу жылының үздік түлегі университетіміздің «Биотехнология» оқу бағдарламасының магистрі Шегебаева Жазира мерекемен құттықтап, студенттерге сәттілік тіледі. Шара соңы әсем әнмен аяқталып, 1- курс студенттеріне арналған бағдарламамен жалғасты. Әр кафедра бойынша студенттер аудиторияларға бөлініп, эдвайзерлік сағаттар мен лекциялар өткізілді. Студенттер мен олардың ата-аналары үшін универсиетет корпустарына, лекциялық кабинеттерге және жаңа студенттер үйіне экскурссия ұйымдастырылды. Білім күні мерекесі құтты болсын! Барша ҚазИТУ ұжымын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз!