Главная Новости «StudHouse»-та «Apple Fest» өтті.
18 сентябрь 2019                  318752
«StudHouse»-та «Apple Fest» өтті.
«StudHouse»-та «Apple Fest» өтті. Алатаудың баурайындағы тамаша табиғаты аспанмен таласқан, жасыл желегімен нарттай алмасымен танымал мың жылдық тарихы бар Алматы қаласына биыл 1003 жыл толды. Ару қаламыздың мерекесін ҚазИТУ студенттері «StudHouse»-та атап өтті. ҚазИТУ студенттер үйінің алаңында өткен фестиваль «StudHouse» тұрғындарына керемет көңіл - күй сыйлады. Университетіміздің оқу ісі жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов Алматы қаласына арман қуып келіп, ҚазИТУ студенті атанған студенттерді қала күнімен құттықтап, оқуда сәттілік тіледі. Фестиваль Жастар ұйымдары комитеті мен студенттік совет белсенділерінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. «StudHouse» студенттері «Менің –Алматым, менің –ҚазИТУ-ым!» тақырыбында қабырға газетін шығарып, алмадан түрлі тәттілер пісірді. Ең үздік атанған қабаттың студенттерін Жастар Ұйымдары комитетінің төрағасы М.А.Батай марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Әсем ән, заманауи би, қызықты ойындар ойнатылған фестиваль жоғары деңгейде өтті. «StudHouse»-тағы студенттік совет ұйымдастырған қызықты іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.