Главная Новости «Мистер ҚазИТУ», «Мисс ҚазИТУ» байқауының іріктеу кезеңі болды
20 март, 2017                  318750
«Мистер ҚазИТУ», «Мисс ҚазИТУ» байқауының іріктеу кезеңі болды
15, 16 наурыз күндері «Мистер ҚазИТУ» және «Мисс ҚазИТУ» байқауының кастингі болды.Екі күнге созылған кастингке университет жұлдызы атанғысы келетін студенттер келіп, барлығы қазылар алқасының қойған сұрақтарына мүдірмей жауап беруге тырысты Іріктеу кезеңіне келген студенттердің арасында өздерінің осы атаққа лайық екендіктерін баса айтқандары да кездесті.

Қазылар алқасының құрамында: оқытушылар, «Мисс ҚазИТУ-2016» байқауының жеңімпазы және Жастар Ұйымдары Комитетінің мүшелері болды .Кастинг қорытындысы бойынша 7 ұл, 8 қыз іріктеу кезеңінен өтті. 1-сәуірде аруларымыз қолдарымен жасаған әртүрлі өнімдерін сатып, түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсайды. Ақтық кезеңге жолдама алған талантты жігіттер мен қыздар қорытынды кешке қызу дайындық жүргізуде. 26 сәуір күні болатын қортынды кеште кастингтен өткен «МистерҚазИТУ»және «Мисс ҚазИТУ» атанғысы келетін студенттер өз өнерлерін көрсетіп, бақ сынайтын болады. Жігіттер мен қыздарға тек сәттілік тілейміз!