Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы мен оқу үрдісіне қойылатын заманауи талаптар»
13 ақпан 2020                  318840
«Стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы мен оқу үрдісіне қойылатын заманауи талаптар»

12 ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Технология, жабдықтар және стандарттау» кафедрасының ұйымдастыруымен «Стандарттау және сертификаттау бағыты бойынша білім беру бағдарламасы мен оқу үрдісіне қойылатын заманауи талаптар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Алматы қалалық «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының бөлім меңгерушісі Анесов Малик Сапенович пен қатар университет басшылығы, «Технология жабдықтар және стандарттау» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы мен магистранттар, студенттер қатысты.

Дөңгелек үстелді өткізудегі мақсат өндірістік тәжірибеден өтуде студенттерге жұмыс берушілер тарапынан қойылатын талаптарды анықтау, білім беру бағдарламасы мен оқу үрдісіне сай студенттердің ғылыми-тәжірибелік сапасын арттыру болды.

ҚазИТУ ректоры Г.А. Сарсенбекова дөңгелек үстел барысында студенттердің алған теориялық білімдерін тәжірибеде сынауға, әрі нығайтуға, сонымен қатар оқу орындарының өндіріспен байланысын жақсартуға ықпал ететін конференциялар мен дөңгелек үстелдерді өткізудің маңыздылығын айтты.

Гүлнар Әлібекқызы сертификаттау және стандарттау саласы бүгінгі таңда қарқынды дамып жатыр. Сондықтан бүгінгі жаһандық трендке сай кәсіби біліктілігі жоғары, заманауи нарықта сай сұранысқа ие болатын кадрлар даярлаудың маңызы зор. Ол үшін тероиялық сабақпен қатар тәжірбиелік сапаны арттыру қажет. Қазіргі таңда университет көптеген ғылыми зерттеу институттарымен бірлесе жұмыс жасап, әр түрлі студенттік ғылыми жобалар әзірлеуде. Университетімізде ғылыми-зертханалар кеңейіп, тәжірибеге қажетті сапалы құрал-жабдықтар жаңартылып, студенттердің ғылыми-тәжірибелік жұмыстармен айналысуға мүмкіндіктері одан сайын артуда. Алдағы уақытта өндірістік тәжірибенің мобильді түрде іске асып, университет түлектерінің жұмыспен қамтылу пайызын жоғарғы көрсеткішке дейін арттырып, алдағы жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму жоспарына сәйкес иновациялық-кәсіпкерлік бағытта білім беру бағдарламаларын әзірлеп, сапалы мамандар даярлауды алға қойып отырғандығын атап өтті.

Технологиялық жабдықтар және стандарттау кафедрасының доценті, стандарттау және сертификаттау саласының дамуына үлкен қосқан тәжірибелі маман К.Е.Қаржаубаев мемелекеттік стандарттау және сертификаттау жүйесіне білікті мамандар даярлауда теория мен қатар тәжірибенің керектігін атап, осы жүйе бойынша мамандардың пікірі маңызды екендігін баса айтты.

Осы орайда Алматы қалалық «Ұлттық стандарттау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының бөлім меңгерушісі Анесов Малик Сапенович пікір білдіріп, «Ұлттық сертификаттау және стандарттау орталығының» жұмыс барысы жайлы баяндады

«Ұлттық сертификаттау және стандарттау орталығы» стандарттау, метрология және өнімдерді, қызметтерді сертификаттау, менеджмент жүйелері мен тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын қамтамыз ету мақсатында қызмет көрсетеді. Орталықтан тәжірибеден өтуге ниетті студенттерге арнайы сарапшы мамандар жетекші болып, жұмыс барысын түсіндіреді. Тәжірибеге келген студенттерің өз мамандығы мен қатар техникалық саланы игеру талабы қойылады. Қазіргі таңда сапа менеджменті бойынша кадрлар саны жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан студент өз мамандығымен қатар қосымша саланы игеруі жұмыспен қамту кезінде үлкен роль атқарады. Ал екі саланы қатар меңгерген маман кәсіпорынның нарықтағы дәрежесін көтеретіндігіне тоқталған Малик Сапенович өзі қызмет ететін орталық студенттердің тәжірибелік сапасын арттырып, кәсіби дағдыларын қалыптастыру үшін көмек беруге қарсы еместігін жеткізді.

Университет оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов университеттің даму стратегиясына сәйкес ашылатын жаңа білім беру бағдарламаларының студенттердің жұмысқа орналасуы кезінде жан-жақты болуға үлкен көмек беретіндігін атап өтті. Себебі бұл бағдарламалар студенттердің қосымша саланы бірге игеруіне негізделген. Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры М.Нахишманова білім беру бағдарламаларының модулін түсіндіріп, қосымша бағытта білім алуға қажетті пәндер мен модульдер туралы студенттерді кәсіби тәжірибеден өткізетін өндіріс орындарының ұсыныстарын қарастыруға тоқталды.

Кездесу барысында студенттер мен магистранттар өз сұрақтарын қойып, стандарттау және сертификаттау саласына байланысты маңызды ақпарттар алды.