Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры «Абай-ұлы философ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
19 ақпан 2020                  318761
«Абай-ұлы философ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

18 ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай-ұлы философ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге - ҚР Ғылым академиясының жетекші ғылыми қызметкері, философия ғылымдарының докторы, профессор, белгілі абайтанушы Г. Барлыбаева және университетіміздің оқытушы-профессорлық құрамы мен студенттер қатысты.

«Абай-ұлы философ» дөңгелек үстел жұмысын алғы сөзбен ашқан философия ғылымдарының кандитаты, доцент Аманбек Сарымсаков Абайдың 175- жылдық мерейтойы қарсаңында университетімізде Хәкімнің мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеу, оларды жастарға оқыту, насихаттау бағытында атқарылып жатқан ауқымды шаралар туралы мазмұнды ақпарат берді.

Осы орайда Абайтанушы Г. Барлыбаева: «Дана Абайдың туындыларының әрқайсысы жеке зерттеуге, арнайы көсіліп жазуға сұранып тұрған рухани қазына. Ол заманында жырға қосып, қара сөзге негіз еткен мәселелер қазіргі заманға сәкес келеді. Себебі әлі күнге дейін адамгершілік, имандылық, гуманизм және бейбітшілік мәселелері адамзатты алаңдатып келеді. Абайдың шығармашылығы таңғажайып күш, керемет тереңдік пен жан-жақты ойлау қабілетіне ие. Абай өлеңдерінің маңызы өте зор, онда ақынның бүкіл өмірі, жарқын болашағы мен асқақ армандары туралы баяндалып, келер ұрпаққа тәрбие мен ғылым-білімге ұмтылуға шабыт сыйлайды »-деп Абайдың көркем сөзінің құдіреттілігін атап өтті. Дөңгелек үстел барысында оқытушылар мен студенттер өз ойларын білдіріп, ұлы ақынның бүгінгі және ертеңгі күннің бейнесі болып табылатын тақырыптар мен шығармаларының сюжеттері талқылап қызу түрде пікір талас жүргізді.

Жиын қортындысында қатысушылардың ұлы ақынның мұраларын тереңірек зерделеу және оқыту мәселелері төңірегінде нақты ұсыныстар айтылып, оларды тиімді іске асыру бойынша шешімдер қабылданды.