Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ - БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ
20 ақпан 2020                  318795
ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ - БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

ҚазИТУ-дің 2019-2020 оқу жылына арналған академиялық күнтізбегіне сәйкес екінші семестрде 4 курс студенттеріне практикалық сабақтар басталды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен Д.Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институты арасындағы келісім-шарт аясында Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының студенттері осы аталмыш кәсіпорында өндірістік тәжірибені өту олар үшін өте маңызды.

Біздің болашағымыз тек көмірсутекті қайта өңдеу технологиясы туралы теориялық білімді берумен қатар осы процесті түсінудің практикалық тәсілдерін білетін мамандарды даярлауымызға да байланысты.

Зерттеуші Өркен Дәлелханұлының Мұнай өңдеу катализаторлары зертханасында жасаған тәжірибелері: мұнай өнімдерінің фракцияларға бөліну процесі, дистилляция, сонымен қатар қазіргі заманауи хроматографпен жұмыс істеуді көрсету, біздің студенттерімізді бей-жай қалдырмайды.