Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Шетелдік ғалыммен меморандумға қол қойылды.
27 ақпан 2020                  318710
Шетелдік ғалыммен меморандумға қол қойылды.

Жоғары білікті кадр дайындау және ғылыми педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру, тәжірибе алмасу үшін жағдай жасау мақсатында 26 қараша 2020 жылы ҚазИТУ университетінде шетелдік ғалым Женева университетінің (Швейцария) РhD докторы, профессор, білім беру факультетінің деканы Абделжалил Аккаримен кездесу өтті.

Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедарасы ұйытқы болған кездесуге университет басшылығы, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер қатысты. Кездесу барысында ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова шетелдік ғалымға университетіміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі мен жетістіктері жайлы баяндады.

Кездесу барысыныда Абделжалил Аккари Женева университетіндегі (Швейцария) студенттік өмірге және ғылыми жұмыстарына тоқтала отырып білім беру жүйесіндегі жаңашылдықтар туралы баяндама жасады.

Оқытушылар мен студенттер сұрақтар қойып, кездесуге белсенді қатысты. Қызықты өткен кездесу соңында ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова Абделжалил Аккари мен серіктестік туралы меморандумға қол қойып, естелік фотоға түсті.