Главная Новости «Абай мұрасы – халық мақтанышы»
26 ақпан 2020                  318729
«Абай мұрасы – халық мақтанышы»
Қазақ ақыны, композитор, ағартушы, ойшыл, қоғам қайраткері, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның бірінші классигі, реформатор Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына орай Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ғылыми кітапханасында «Абай мұрасы – халық мақтанышы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Кітапхана меңгерушісі С. Бейсбаева студенттер мен оқытушыларға ақынның ақындық және философиялық мұрасымен, оның шығармашылығын зерттеушілердің жұмыстарын таныстырды.

Көрмені тамашалған студенттер Ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларын кеңінен әңгімеледі.