У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инжиниринг институтының Бас директоры Тулешов Амандық Қуатұлының ҚазИТУ-ға 04.03.2020 ж. дәріс оқуға шақырылған профессор сапары аясында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инжиниринг институты арасында бірлескен қызмет туралы шартқа қол қойылды.
Бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыру, У.А. Жолдасбеков атындағы Механика және инжиниринг институтытының жоғары технологиялық базасында студенттер мен магистранттардың кәсіптік практикасынан өту, жұмыспен қамтылуы жоспарлануда.