Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры ҚазИТУ оқытушылары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысына қызу кірісті
10 апрел, 2017                  320996
ҚазИТУ оқытушылары мен студенттері кәсіби бағдар беру жұмысына қызу кірісті
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мектеп және колледж бітірушілеріне инженерлік және технологиялық мамандықтары жөнінде кәсіби бағдар беру жұмысы жоспарлы түрде жүргізіп келеді.

6 сәуір күні оқытушылар Талғар аудандық Политехникалық колледжінде таңғы сағат 9.00-дан 13.00-ге дейін кең бағдарлама бойынша: мамандықтар бойынша мастер –класс; кездесу; сұрақ-жауап; презентациялық материалдармен лекция-семинар жүргізді. Ал 7 сәуір күні кешкі сағат 17.00-19.00 арлығында әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және жаратылыстану ғылымдар пәні кафедрасының оқытушылары Алматы Оқушылар сарайында «Оқушылар ата-аналары қауымдастығы» ұйымдастырған шараға қатысып, 500-ге жуық Алатау аудандық мектеп оқушыларына, ата-аналарына буклеттер таратып, ҚазИТУ-да оқытылатын университет, колледж мамандықтарына байланысты қызығушылық танытқан сұрақтарына жауап берді. Оқытушылар ата-аналар мен оқушыларға мамандық таңдауда ақыл-кеңес беріп, өз мумкіндіктерін тиімді пайдалануына бағыт бағдар берді. Жұмыс барысында лотореялық билеттер толтырылып, бітірушілер университет туралы ақпараттармен қамтамасыз етілді. 8-сәуір күні өтетін ҚазИТУ-дың «Ашық есік күніне» шақырылды.

ҚазИТУ ұжымының кәсіби бағдар беру жұмысы әрі қарай жалғасын таппақ.