Главная Новости Менің колледжім және менің мамандығым
27 маусым 2020                  318796
Менің колледжім және менің мамандығым

Мектеп бітіргеннен кейін мені қандаймамандықты таңдауым керек және қандай оқу орнына түсуім керек деген сұрақтар мазалады.
ҚазИТУ колледжіне мен 2017 жылы келдім, бәрі анық есімде: қабылдау комиссиясында мені өте жылы қарсы алды. Мен сол жерде отырып, өз мамандығымды таңдадым: оған дейін мен тамақ кәсіпорындарындағы технолог мамандығы туралы ештеңе білмеп едім. Маған қысқаша түрде тамақ кәсіпорындары саласы туралы, мамандық туралы ақпараттармен таныстырды, негізінде бәрі ұнады. Менің таңдау жасауыма мүлдем бейтаныс адамдар көмектескенмен, мен еш өкінбеймін.
Бір топпен және оқытушылармен бірге біз тез тіл табыстық, ең бастысы –тамақ кәсіпорындарында жұмыс істеу дегеніміз не екенін басынан бастап үйретті. Технологтың жұмысының қиындықтары бар, бірақ, дегенмен қызықты және өзінің өзектілігін бірнеше ондаған жылдар бойы жоғалтпайды. Сабақта бізде профильдік пәндер көп болды. Біз дайындалатын тағамдардың сапасын анықтауды, оларды органолептикалық белгілері бойынша бағалауды, керекті порцияға нақты қанша азық-түлік керек екендігін білуіміз керек. Бізден жоғарғы деңгейде тазалық, жылдамдық, дайындалған тағамның сапалылығы және міндетті түрде дұрыс киім кию талап етіледі. Асүйдегі жұмыс физикалық және моральдық жағынан да күрделі, бірақ мұның барлығы оның келешегімен, сұранысқа иелілігі және қызушылығымен өтеледі. Технологтар терең креативтілік пен бай қиялға ие болуы тиіс, өйткені қызмет өзіне қажетті құжаттарды жүргізу және жабдықтарды, шикізатты және дайын өнімді есепке алу немесе тағамдардың технологиялық картасын жасау сияқты басқа да міндеттерден басқа өздерінің жеке және бірегей рецептерін ойлап табуды да қамтиды. Бұл мамандықтың көп қырлылығы алдымен дайын емес адамды таңдап алуы мүмкін, бірақ біз жүктемеге төтеп бердік және оқытушылар тарапынан уақытылы қолдау мен көмек көрсету арқасында технологпен жұмыстың барлық күрделілігін толық көлемде түсіндік. Технологтың тікелей міндеттерінен басқа бізді қонақтарға қызмет көрсету өнеріне, тамақтану кәсіпорындарының ішінде жиһазды дұрыс безендіруге, сондай-ақ үстелдерді жабдықтауға және безендіруге үйреткен.
Иә, тамақ кәсіпорындарындағы технолог мамандығына дайындық үдерісі өз қиындықтарына толы болды,бірақ қазір мен оған сенімді түрде баға бергенін мәлімдей аламын. Мен таңдаған мамандықтың барлық ауыртпалығына қарамастан, менің жұмысым болашақта маған оқу кезінде де әкелген сияқты рахат әкелетініне сенімдімін.

Айтмурзаева Меруерт Данияровна, ҚазИТУ колледжінің 1226000 - ТиОППП мамандығының бітіруші түлегі