Главная Новости Қала күнімен!
20 қыркүйек 2020                  318833
Қала күнімен!

Құрметті Алматы тұрғындары, құрметті ҚазИТУ ұжымы сіздеріді қала күнімен құттықтаймыз! Алатаудың құшағында жатқан әсемдігі мен әсерлілігі басым, алма төс, алтын зерлі ару қала Алматымыз бүгін кезекті туған күнін атап өтіп отыр. Мерейлі мерекесін жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде тойлауды дәстүрге айналдырған болатын. Бірақ қазіргі жағдай жылдағыдай қала күнін өз сән-салтанатында мерекелеуге мүмкіндік бермей тұр. Дегенмен де барлық іс-шаралар онлайн режимде өтіп, мерекелік көңіл күй сыйлады.

Алматы білім мен мәдениет ордасы. Мегаполисте бүгінде бірнеше мыңдаған студент білім алуда. Соның ішінде әсем қалада, ең керемет жерде орналасқан ҚазИТУ университетінің студенттері де бар. Алматыға арман қуып келіп, болашаққа ҚазИТУ мен қадам басқан арманшыл жастар Алматыны өз ән-жырларына қосып, барша ҚазИТУ ұжымын мерекейлі мерекемен құттықтайды.

Туған күніңмен сүйікті қалам!