Главная Новости Жастар комитетінің белсенділер қатары толықты
24 қыркүйек 2020                  318951
Жастар комитетінің белсенділер қатары толықты

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Жастар Ұйымдары Комитеті комитет құрамына жаңа белсенді студенттерді қабылдау мақсатында іріктеу кезеңі өткізілді. Студенттер алдымен әр түрлі сұрақтардан құралған сауалнама толтырса екінші кезеңде онлайн байланысқа шығып өздерін әр түрлі қырынан таныстырып, бойындағы бар өнерлерін көрсетіп, қойылған сұрақтарға мүдірмей жауап берді Жан-жақты өнерлі,алға қойған мақсаттары мықты, өзіндік идеялары бар, ҚазИТУ-ды дамытуға үлес қоссам деген белсенді студенттер қатарына қосылуға 200-ден астам өтініш түссе, іріктеу кезеңінен соң комитет құрамына 150 белсенді студент қабылданды. Жаңа қабылданған студенттермен онлайн жиындар өткізіліп комитеттегі әр бағыт бойынша өзара топтарға бөлінді.

Жастар Ұйымдары комитетінің жаңа белсенділер тобы: «Meteor Team - Метеор тобы»

Топ лидері:Тасымова Алуа Жастар Ұйымдары комитетінің президенті

«Elite Team - Таңдаулылар тобы»

Топ лидері: Турсыналы Шырын- ЖҰК шығармашылық бағытындағы клубтар жетекшісі.

«Team Golden Generation- Алтын ұрпақ тобы»

Топ лидері: Қабдоллаева Толғанай «Жас Отан» жастар қанатының төрайымы:

«Banzai Team-Банзай тобы»

Топ лидері: Ердос Айдана ЖҰК спорт бағытындағы клубтар жетекшісі

"Marvelous Team"

Топ лидері: Талғатқызы Мадина ЖҰК мәдени бағыттағы клубтар жетекшісі

«Festival Team- Фестиваль тобы»

Топ лидері: Эргешбай Темірлан ЖҰК «SMM» клубының жетекшісі

Жастар ұйымдары комитетінің алдағы жарқын бастамаларына сәттілік тілейміз!