Главная Новости ҚазИТУ-да «Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер – ел дамуының маңызды кепілі» тақырыбында ұжымның жалпы жиыны өтті
8 апрель, 2017                  318651
ҚазИТУ-да «Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер – ел дамуының маңызды кепілі» тақырыбында ұжымның жалпы жиыны өтті
2017 жылғы 7 сәуірде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы 10 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын түсіндіруге арналған «Қазақстан Республикасы Конституциясына енгізілген өзгерістер – ел дамуының маңызды кепілі» тақырыбында ұжымның жалпы жиыны өтті.

Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қоғамдағы демократиялық процесстерді дамытудың, қазіргі замандағы жаңа құбылыстарды есепке алғанда саяси жүйені ары қарай жаңғыртудың діңгегі бола отырып, басқару жүйесі тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Ширек ғасыр уақыт ішінде дамушы инновациялық-бағдарлы экономикасы бар тәуелсіз мемлекет құрылды. Қазақстан әлемдік қауымдастықтарға табысты ықпалдасуда. Жаһандық сын-тегеуріндердің ықпалымен мемлекеттік басқару жүйесі де сәйкесінше өзгеріске ұшырауда. Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарына сәйкес республика Үкіметіне қосымша өкілеттіктер берілді.

Жалпы жиын жұмысы шеңберінде институционалдық реформаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарын және халық сұранысы мен қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретін тиімді де, тұрақты және инновациялық құрылым қалыптастыру; экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды іске асырудағы парламент пен үкімет рөлінің артуы; берік қоры бар әлемдік тәжірибеге сүйенетін оңтайлы мемлекеттік құрылым моделінің тиімді жолдары, т.б. түсіндірілді.

Жиын жұмысына Қазақстан Ұлттық Инженерлер Академиясы ғалымдары мен ҚазИТУ оқытушы-профессорлары, магистранттар мен студенттері қатысты.