Главная Новости Эдвайзерлер кеңесінің отырысы өтті
29 қыркүйек 2020                  318817
Эдвайзерлер кеңесінің отырысы өтті

Оқу жылының басталуымен эдвайзерлер кеңесі өз жұмысын бастады. Осыған байланысты Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде эдвайзерлер кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа ректор Г.А. Сәрсенбекова, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Д. Б. Ақпанбетов, академиялық мәселелер, қашықтықтан оқыту, жастар саясаты, ақпараттық - технологиялар департаменттерінің директорлары және әр кафедра бойынша 1-4 курс эдвайзерлері қатысты. Өткен оқу жылындағы эдвайзерлік жұмыстың қорытындылары шығарылып, алдағы оқу жылына арналған жаңа жоспарлар талқыланды.

ҚазИТУ ректоры Гүлнар Әлібекқызы эдвайзерлер кеңесінің отырысын алғы сөзбен ашты, ол өз сөзінде эдвайзер бұл-білім алушыларға оқу процесімен қатар тәрбие мәселелерінде көмек көрсетуге, студенттердің өз тобында рухани дамуына ықпал ететін ортаны қалыптастыруға тиіс педагог екенін атап өтті және эдвайзерлердің жұмысына табыс тіледі. Кездесу барысында қашықтықтан оқыту жүйесі, оқу жылын ұйымдастыру мәселелері, эдвайзерлердің студенттермен жұмысының қағидаттары мен мақсаттары, топта эдвайзерлік сағаттарды өткізу кезіндегі ұйымдастырушылық және коммуникативтік қабілеттер, оқытушы ретінде оқу-тәрбие материалын оңтайлы үйлестіру дағдылары қозғалды. Осыған байланысты, әр аптаның сәрсенбісінде эдвайзерлік сағаттарды өткізу кестесі әзірленді және әр апта сайын жарияланатын тақырыптар кестесі жасалды.

Баспасөз қызметі