Главная Новости Байқау қорытындысы!
12 қазан 2020                  318825
Байқау қорытындысы!

Ұстаздар мерекесі қарсаңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Жастар ұйымдары комитеті «Шын Жүректен Ұстазға» атты байқау жариялаған болатын. Байқау шарттары бойынша студенттер алғашқы ұстазымен бірге видеоқұттықтау ұйымдастыру керек. Байқауға әр белсенділер тобынан 35- студент қатысып, нәтижелі жұмыс көрсетті. Соның ішінде әсерлі видео дайындап, алғашқы ұстазын құттықтап, мектеп өміріне саяхат жасаған Инстаграм әлеуметтік желісінде жариялаған видеолардағы пікірлер мен лүпілдер саны бойынша және арнайы құрылған комиссия шешімімен төмендегі қатысушылардың жұмыстары үздік деп танылды.

1-орын: «Биоинженерия және биоинформатика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, Жамбыл облысы Қордай ауданы «№3 Абай Құнанбаев атындағы» орта мектеп түлегі Усенова Айдана Бауржановна.

2-орын : «Экономика» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Серікбай Эльмира Муратбекқызы. Қызылорда қаласы «№212 мектеп-гимназиясының» түлегі.

3-орын: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті, Көкшетау қаласы «Дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының» түлегі Тасымова Алуа Мерекеевна;

3-орын – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті, Жаксылыкова Дильназ Жомартовна.

Жеңіске жеткен студенттерді құттықтаймыз!