Главная Новости «Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік қозғалысымен ынтымақтастық орнатылды.
12 қазан 2020                  318850
«Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік қозғалысымен ынтымақтастық орнатылды.

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен «Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік қозғалысының арасында ынтымақтастық орнату мақсатында 12- қазан ҚазИТУ-ға «Қазақстан студенттер Альянсы» студенттік қозғалысының президенті Түстікбаев Ілияс Нұрболұлы және «Қазақстан студенттер Альянсының» Алматы қалалық филиалының директоры Жасұлан Бостандықұлы ат басын тіреді.

«Қазақстан студенттер Альянсы» - 2005 жылдың 14 сәуірінде, Тараз қаласында құрылған студенттердің құқығын қорғайтын ұйым. Ұйымның миссиясы – Қазақстан Республикасының студент жастарының интеллектуалды, шығармашылық, рухани, инновациялық әлеуетін тиімді іске асырылуы үшін жағдай туғызу.

ҚазИТУ білім және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Д.Б. Ақпанбетов қонақтарды жылы қарсы алып университетіміздің білім беру бағдарламалары, студенттерді әлеуметтік қолдау, университеттің ғылыми-практикалық базасы, жоғары оқу орындарында кездесетін сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары, университет оқытушылар мен студенттерінің жетістіктері мен студенттерге сапалы білім беру бағытындағы атқарылып жатқан жүйелі жұмыстарымен таныстырып,

оқу корпустарына, студенттер үйіне, лабороториялар мен аудиторияларға экскурсия жасады.

Студенттермен кездесу барысында «Қазақстан Студенттер Альянсының» президенті Ілияс Нұрболұлы аталған студенттік қозғалыстың құрылу тарихы мен еліміздегі жоғары оқу орындарындағы сапалы білім беруді қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан іс-шаралармен, болашақтағы жоспарларымен таныстырса, ҚазИТУ Жастар саясаты департаментінің маманы М.Батай жастар ұйымдары комитетінің құрылымы, жұмыс істеу бағыттарын баяндап, пандемия кезіндегі онлайн іс-шаралар жайында мағұлмат берді. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді.

Кездесу соңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен «Қазақстан Студенттер Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы арасында ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Алдағы уақытта Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен «Қазақстан Студенттер Альянсы» Республикалық студенттік қозғалысы бірлесе нәтижелі жұмыс атқарады деп сенеміз!

Студенттік баспасөз қызметі.