Главная Новости Ұлттық өнімдер
13 қазан 2020                  318768
Ұлттық өнімдер

Қазақ халқында бауырсақ деген сөздің өзі "бауырласу, бауырласуға, бауыр" деген сөзді білдіреді. Бұл адамдардың бір-біріне жақын болуы, жанашыр болуы, жақсы қатынаста болуы деген мағынаны береді. Қазақ халқы өте бауырмашыл, қонақжай, кішіпейіл халық, сондықтанда осы қой мінез – құлқын бір бауырсақтың жылулығымен жеткізген.

ҚазИТУ колледжінің 101 зертханалық аудиториясында “Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер” тобының студенттерімен бірлесе отырып, ұлттық нан өнімдерін оның ішінде бауырсақ және ұнды кондитор өнімі арахисты коржик жасалды. Студенттерді еңбекке баулу және болашақ мамандығына дайындау мақсатында әр сенбі сайын өткізіліп отырған зертханалық жұмыс жүргізіліп өтті.