Главная Новости Кондитерлік өнімдер
19 қазан 2020                  318825
Кондитерлік өнімдер

ҚазИТУ колледжінің зертханасында «Кондитер өнімдерінің технологиясы» пәні бойынша Ажар Аиповнаның жетекшілігімен «Сүтті қыз» торты және «Етті самса» дайындалды.

Өте нәзік әрі дәмді тортты ҚазИТУ колледж студенттері, оның ішінде 2 курс «Нан пісіру, макарон және кондитерлік өнімдер» тобының студенттері жетекшілерімен бірге әзірледі.

Ет десе ішкен асын жерге қоятын халқымыз тағамдарының көпшілігін етпен дайындайды. Бүгінгі зерханалық жұмысымызда да «Етті самса» жасалды. Дәмді әрі тойынды дайындалды. Практикалық жұмыс барысында студенттер көп тәжірибе жинақтап, жетекшілерінен әр сәрсенбі сайын түрлі тағам әзірлеуді үйренуде.