Главная Новости ҚазИТУ қауымдастырылған профессоры оқулық авторы атанды
02 қараша 2020                  318989
ҚазИТУ қауымдастырылған профессоры оқулық авторы атанды

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетіндегі «Есептеу техникасы автоматтандыру және телекоммуникация» кафедарсының қауымдастырылған профессоры Кадыракунов Кубаныч Байгазиевич 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағытындағы «Информатика» оқулығының авторы атанды.

Қадырахунов Қуаныш Байғазыұлы, 1974 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің физика факультетін «Физика» мамандығы бойынша бітірді. Москвадағы КСРО ҒА-ның ядролық зерттеу институтында 3 жылдық ғылыми тәжірибеден өтті, содан кейін КСРО ҒА Шалаөткізгішті физика институтында аспирантура бөлімінде оқыды. 1986 жылы ҚР ҰҒА ЯФИ-да «Қатты дене физика» мамандығы бойынша «Si-SiO2 негізінде құрылған шалаөткізгіштерді импульстік күйдіру» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 25 ғылыми еңбегі, оның ішінде 3 патенті бар. Хаосты тербелмелі генератордағы бейсызық физика процестері және космостық байланыс мәселелерімен айналысады.

Оқулықта 50 параграф, оқытушыға арналған тапсырмалар жинағында 24 тапсырмалар бар. Сонымен қатар, оқулықта жасанды интеллект, 3D-модельдеу, аппараттық жасақтама, заттар интернеті, ITStartup, цифрлық сауаттылық бөлімдері бойынша тақырыптар қамтылған.