Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті
02 ноября 2020                  318837
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – әрбір азаматтың міндеті

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан жемқорлыққа қарсы күрес мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Кеңестер одағы кеңістігінде алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылдады, бұл заң жобасы арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізі принциптерін анықтап, жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың және оған байланысты жауапкершіліктің артылуының түрлері анықталды.

Осыған орай Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде әр оқу жылында жемқорлықпен күресу және алдын-алу іс-шараларының жоспарлары құрылып, оны іске асыруда көптеген іс-шаралар атқарылуда. Соның іс-шаралардың бірі-топ студенттерін «Сыбайлас жемқорлықпен күресу» заңымен, Университеттің ішкі тәртіп ережесі, Ар-намыс кодексі, жатақханада тұру ережелерімен таныстыру, оның орындалуын қадағалау, «Ізгілікті адал азамат» мектебі мен студенттік белсенділер тобының түрлі акциялары мен челлендждері болып табылады.

Сонымен қатар қазан айының эдвайзерлік сағттарында жемқорлықпен күрес күн тәртібіне қойылып,1-4 - курс бойынша «Жемқорлық және оның алдын алу» тақырыбы аясында онлайн эдвайзерлік сағаттар болды. Эдвайзерлік сағат студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін, адалдығын, адамгершілігін қалыптастыру, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, студенттер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу. мақсатында өтті. Эдвайзерлер студенттерге ҚазИТУ студенттерінің кодексін толық орындауға шақырып, «ҚР-ның 2020-2025 жылдарға арналған Жемқорлықпен күрес стратегиясымен» таныстырды.