Главная Новости Республикалық онлайн «Зерде - ҚазИТУ колледжі 2020-2021» пәндік олимпиадасына тіркелу басталды!
27 қазан 2020                  318919
Республикалық онлайн «Зерде - ҚазИТУ колледжі 2020-2021» пәндік олимпиадасына тіркелу басталды!

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледжі талантты жастарды қолдау мақсатында 2021 жылдың талапкерлері үшін Республикалық онлайн «Зерде - ҚазИТУ колледжі 2020-2021» пәндік олимпидасын өткізеді.

«Зерде - ҚазИТУ колледжі 2020-2021» олимпиадасына 9-10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысушы талапкерлерге грант ұтып алу мүмкіндігі немесе оқу ақысына жеңілдік жеңіп алу мүмкіндігі қарастырылған.

Олимпиаданың артықшылықтары:

  • Қатысу ТЕГІН;
  • Өз білімі мен қабулеттерін сынап көру мүмкіндігі;
  • Мектеп бағдарламасының сұрақтары;
  • Қазақ және орыс тілдерінде бейіндік пәндер бойынша тест тапсыру;
  • Кез-келген қаладан және өзіңізге ыңғайлы уақытта қатысу мүмкіндігі.

Олимпиада талаптары:

  • 2020-21 жылдың 9-10-11 сынып оқушысы болуыңыз керек;
  • Бір қатысушы бір рет ғана тіркеле алады;
  • Тіркелу кезінде дұрыс ақпарат беру;
  • 9-10 сынып оқушылары 2 бейіндік пән таңдайды;
  • 11 сынып оқушылары 3 бейіндік пән таңдайды.

Қатысуға ниет білдіруші оқушылар олимпиаданың ресми сайтынан онлайн-тіркеуден өтуі қажет - https://test.kazetu.kz/?lang=kz