Главная Новости ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер - ел дамуының маңызы
10 апрель, 2017                  318712
ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер - ел дамуының маңызы
7.04.2017ж Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде «ҚР Конституциясына енгізілген өзгерістер- ел дамуының маңызы» атты конференция болып өтті.

Іс-шараға университет ректоры Темірбеков Нұрлан Мұханұлы, проректор Сарсенбекова Гүлнар Әлібекқызы, ҚР ҰИА бас хатшысы Медиева Гүлбазар Ахыловна және оқытушылар құрамы, магистранттар мен студенттер қатысты.

Конференцияны университет ректоры – Нұрлан Мұханұлы ашты. Ректор «Елбасы ұсынған жаңа саяси реформаның мемлекет болашағы үшін маңыздылығын атап өтіп, демократиялық даму жолындағы тарихи шешім болғанына тоқталды. Сонымен қатар университет оқытушылары: доцент Ж. Несіпбаева, магистр М. Чаяхметова, доцент Л. Атагелдиева, магистр М. Қайырбекова, студенттер арасынан Т.Дәулеткелді, А.Жұмахан баяндама жасады. Ата заңымыз Тәуелсіздігіміздің нығаюына, мемлекетіміздің дамуына, ұлтымыздың, халқымыздың өсіп өркендеуіне негізін қалап берді. Сондықтан заңмен жүру, заңды сыйлау - әр азаматтың борышы.Конституцияға енгізілген қандай өзгеріс болсын еліміз үшін өте маңызды болып табылады. Осы орайда ҚазИТУ студенттері Елбасының жаңа мемлекеттік бағытын әрдайым қолдайды. Жиынды «Қазақстан» телеарнасы түсіріп, халқымыздың арасында маңызы үлкен шара болды.