Главная Новости «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы!» Абай Құнанбайұлына 175 жыл
29 қазан 2020                  318831
«Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы!» Абай Құнанбайұлына 175 жыл

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған колледж ішілік «Өлең сөздің патшасы – сөз сарасы!» Абай өлеңдерін жатқа оқу байқауы өз жалғасын табуда. 2020 жылдың 6 қазанында бастау алған байқауға колледж студенттері белсенді қатысуда. Байқаудың мақсаты: Абайдың өлеңдерін шығармаларын жас ұрпаққа дәріптеу және өнегелі тәлім-тәрбиесін өз бойымызға сіңдіру.

Байқауға колледж студенттері белсенді қатысуда. Байқаудың басты талабы Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқу болып табылады. Байқау межесіне жетуіне аз ғана күндер қалды. Алдағы уақытта ұйымдастыру комитеті жолданған видеоларды қазылар алқасына ұсынатын болады. Әрі қарай байқаудан 3 үздік видео таңдалып, жеңімпаздарға дипломдармен сыйлықтар табысталады.